Сабақ тақырыбы: Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ
Сабақтың мақсаты: оқушыларды халқымыздың сөз өнері мақал-мәтелдердің мағынасын
Ұғып,ойда сақтап,көп білуге үйрету.
Тәрбиелігі: шешендік сөз өнерін дамыту,өз тілін қадірлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: ойын сабақ.
Әдісі: білімді тиянақтау
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Өту барысы:
1.Сайысқа қатысушылармен таныстыру,әр оқушы өздері жаттаған мақалдарын айтады.
Алғашқы айналым.
2.Мақалдың алғашқы жолы айтылады,әрі қарай оқушылар жалғастырады.
а) Өзек қуа ағады
Өзен судың саласы.
( Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы.)
ә) Досы көпті жау алмайды,
(Ақылы көпті дау алмайды)
б) Сәуір келсе күн күркірер,
(Күн күркіресе кеөк дүркірер)
в) Егіннің жайын еккен білер,
(Арбаның жайын жеккен білер.)
г) Есік алды қар болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
(Ауылыңда қария,
Жазып қойған хатпен тең)
ғ) Қарға баласын аппағым дер,
(Кірпі баласын жұмсағым дер)
д) Бірлігі жоқ ел тозады,
(Бірлігі күшті ел озады)
ж) Малды жақсы баққаның,
Өзіңе абырой тапқаның.
(Малды жаман баққаның,
Келген бақты қаққаның.)
з) Түйенің үлкені,
(Көпірде таяқ жейді)
и) Еңбек түбі – (береке)
Келесі айналым :
1.Берілген сөздермен көрермендер мақал құрастырады.
( ата,гүл,бала,жақсы,еңбек,өзен,Отан,ат,ер,батыр,тас,ел,ана)
Жұмбақ.
1.Көліксіз өмір сүрмейді,
Ешқашан жаяу жүрмейді. (Ер тоқым)
2.Ақ көйлекті көк желек,
Орманда орны бір бөлек.(Қайың)
3.Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа)
4.Есек құлақты,
Мысық аяқты.
Түйе ерінді,
Ешкі құйрықты (Қоян)
5.Бұдан кір қорқады.
Судан бұл қорқады. (Сабын)
6.Өзі арық,өзі әріп. (Қалам)
7.Отқа жанбас,суға батпас. (Мұз)
8.Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.(Жұмыртқа мен балапан)
9.50 аяқты екі қолды,
50 аяқпен салады жалғыз жолды. (Ара)
10.Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды. (Тоты құс)
2.Екінші ойыншы біріне – бірі жұмбақ айтады.Ұпайы ең аз ойыншы ойыннан кетеді.
3.Көрермендерге жұмбақ айту.
Ақырғы айналым.
Екі ойыншы жұмбақтың шешуін тауып мақал құрастырады.
а) Аспй түскен,
Қиналып піскен. (Жеміс)
Сабағы жаман ағаштың жемісі де жаман.
ә) Жалт-жұлт еткен,
Жылғадан өткен. (Су)
Судың да сұрауы бар.
б) Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн)
Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей
в) Қимылдаса қос шебер
Қыруар – қыруар іс өнер (Қол)
Көз қорқақ қол батыр.
г) Ұзын,ұзын,ұзын жол
Ұшына жеткен бар ме екен.
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен.
Түбіне жетіп бұл судың,
Қанып ішкен бар ма екен. (Білім)
Оқу білім азығы,
Білім өмір қазығы.