Біржан сал ауданының ММ «Еңбекшілдер орта мектебінде»
2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметмәселелері
туралы есебі
Жалпы мәлімет | |
1.Қызмет көрсететін ұйым беруші туралы мәліметтер | |
Мекеменің атауы |
Біржан сал ауданының ММ «Еңбекшілдер ота мектебі» |
Орналасқан жері |
Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер ауылы, Орталық көшесі, 24 үй, байланыс телефондары: 8(716 59) 2-08-30, 8 (716 39) 3-13-20 |
Басшы |
Кшенова Умут Мухамедиевна |
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман |
Нуржасарова Айнагуль Мейрамбековна, Куандыкова Жанаргуль Кайлашевна, Курмансеитова Гульдана Сагдатовна .
|
ММ
«Еңбекшілдер орта мектебі» 7 қызмет түрін көрсетеді:
1.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін
бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан,
білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау. Барлық көрсетілген
қызмет саны-17. Қызмет тегін көрсетіледі.
2.Шалғайдағы ауылдық елдімекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына
және кейін үйлеріне тегін тасымалдау. Барлық көрсетілген қызмет саны-49. Қызмет
тегін көрсетіледі.
3.Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну. Барлық көрсетілген қызмет саны-31. Қызмет
тегін көрсетіледі.
4. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы
лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдаужәне жолдама беру. Барлық көрсетілген
қызмет саны -6. Қызмет тегін көрсетіледі.
5. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру. Барлық
көрсетілген қызмет саны-3. Қызмет тегін көрсетіледі.
6. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау. Барлық көрсетілген қызмет саны-1. Қызмет
тегін көрсетіледі.
7. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау. Барлық көрсетілген қызмет саны-14. Қызмет
тегін көрсетіледі.
Барлық көрсетілген қызмет саны-121
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және балаларды қабылдау»
қызметі-14, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 17, «Шалғайдағы
ауылдық елдімекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін
үйлеріне тегін тасымалдау»-49, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім
алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды
ұсыну» -31, «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама» - 6.