Еңбекшілдер орта мектебінде «Кәсіптік бағдар беру» бойынша ақпан айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат
Еңбекшілдер орта мектебінде жоспар бойынша кәсіби бағыт бағдар беру бойынша екі іс-шара өткізілді, атап айтқанда: «21-ғасырдың үздік мамандығы» және «Еңбек ардагерлерімен кездесу». Сонымен қатар жоспардан тыс «Жәрмеңке» өткізілді.
«21-ғасырдың үздік мамандығы» атты іс-шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты.
«Еңбек ардагерлерімен кездесу» іс-шарасына 1-11 сынып оқушылары қатысты. Еңбек ардагерлеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өз сұрақтарын қойды. Еңбек ардагерлері өз өмірлерінде мамандықтарының ең қызықты сәттерін еске түсіріп, ортаға салды. Әр мамандықтың қажеттігін түсіндіре отырып, еңбек ардагерлері оқушыларға ең бастысы білім алу керектігін айтып өтті.
Ақпан айында «Қамқорлық» акция аясында Еңбекшілдер орта мектебінде «Жәрмеңке» ұйымдастырылды. Оқушылар өз үйінен пісірілген тағамдарын сатты.
Әрбір іс-шара оқушылардың кәсіп, мамандық таңдауға зор үлес қосатынына сенімдімін.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Куандыкова Ж.К