"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ ЕҢБЕКШІЛДЕР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ " ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ЕНБЕКШИЛЬДЕРСКОЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты

18.03.2019

1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты

(Елбасы еңселеткен Елорда)

Смагулов Қ.Х оқушыларды сапқа тұрғызады. Оқушылар сапқа тұрғаннан кейін,  Назарбаев туралы видео көрсетіледі. Видео аяқталғаннан кейін, ортаға екі жүргізуші шығады.
1-    Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 
2-    Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары, бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған   - -- - -  -- - ---  - атты салтанатты жиылысымызға қош келдіңіздер. 

І жүргізуші:
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені –
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.
(Туды енгізу рәсімі)

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік қазығы нық қағылады.

Қазақстан қымбат маған жасыл бағы.

Ортамызда мақтанышпен әрдайым,

Шырқалсын қазағымның әнұраны.

 

ҚР-ның Мемлекеттік әнұраны орындалсын.

1-жүргізуші:  Құттықтау сөз кезегі Еңбекшілдер орта мектебінің директоры Кшенова У.М беріледі.

2 - жүргізуші
 Қазақстан дейтін менің бар елім,
 Жатыр алып жарты дүние әлемін!
 Бұл даланы анам жаспен суарған,
 Бұл далада атам қолға ту алған.
 Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
 Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
 Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

 

Алдарыңызда «Айналайын» би тобы
 І жүргізуші: 
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
 Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
 Бұның бәрі Елбасының арқасы.

 

-Қарсы алыңыздар 2 «А» сыныбы

 

І жүргізуші: Шықты тарап ой-данадан,
 Бері қарап жұлдыз беті.
 Өзі қалап сайлап алған,
 Елімнің бар Президенті
ІІ жүргізуші:

Оянады көңілден қайдағы арман,
 Бақыт желі ескендей жайлап алған.
 Президентім бар менің елі түгел,
 Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

 

 Встречаем учеников 5-6 «б» класса.
  
І жүргізуші:
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
 

Қарсы алыңыздар 3 а және 3 б сынып оқушылары БИ

 


2 жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

 

Алдарыңызда «Айналайын» би тобы


2-жүргізуші:  Төле би сөзімен салтанатты жиылысымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

І жүргізуші:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында

 

Келесі кездескеше ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.

 

1 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! (Гимн)

Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Нурахметова Гүлжанар Құмарғалиқызына береміз.

2 – жүргізуші: «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.

1 – жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.

Баяндама: _________________________________

2 – жүргізуші:

Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.

1 – жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтім, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін таныты десе болады.

2 – жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.


 

1 жүргізуші: Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
6-сынып оқушысы Баймұханбет Айбардың орындауында «Жаным Қазақ» әнін қарсы алыңыздар
2 жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
1-сынып оқушыларының өлең жолдарын қабыл алыңыздар. 

 

2 жүргізуші:Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
Келесі кезекте 9-сынып оқшысы Сауытбаева Енліктің орындауында «Қазақ биі» қабыл алыңыздар

2 – жүргізуші: Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән. «Көк тудың желбірегені» әні, орындайтын 9-сынып оқушысы Ерсаин Қасым

2 жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
8-сынып оқушысы Рахым Раушанның орындауында «Аққу» биі қабыл алыңыздар

1 – жүргізуші: Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.


2- жүргізуші: Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен. 

 

1-жүргізуші: Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салайық! – дей келе Тоқтахметова Айымгүлдің орындауында «Сарбаздар» әнін қабыл алыңыздар
1 жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын! «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.

 

Просмотров: 834


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст