"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ ЕҢБЕКШІЛДЕР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ " ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ЕНБЕКШИЛЬДЕРСКОЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10 ақпан – 10 наурыз аралығында «Өмірге ИӘ деп айт» республикалық ақпараттық науқанын өткізу туралы ақпарат

18.03.2019

10 ақпан – 10 наурыз аралығында «Өмірге ИӘ деп айт» республикалық ақпараттық науқанын өткізу туралы ақпарат

    10 ақпан – 10 наурыз аралығында «Өмірге ИӘ деп айт» республикалық ақпараттық науқанын өткізу Еңбекшілдер орта мектебінде де өз орнын тапты.  Бұл республикалық ақпараттық науқанды өткізбес бұрын мектепішілік жоспар құрылды.

Іс-шара

Жауапты мұғалім

Мерзімі

Сынып

1.

Тақырыптық-ақпараттық стендертді жаңарту

ТІМ Куандыкова Ж.К

10-20.02.2018

 

2.

«Ата-аналарға жадынама», «Қоңырау шалыңыз! Сізге көмек көрсетеді», «Өмір тамаша» атты жадынамаларды тарату

ТІМ Куандыкова Ж.К

Мектеп психологы Урманова К.Г

10-15.02.2018

1-11 сынып оқушылары

3.

«Қауіпсіз интернет» фотоконкурс

Жумадилова А.Б

12-27.02.2018

1-11 сынып оқушылары

4.

«Референтті ойындар» әңгімелесу жұмыстары

ТІМ Куандыкова Ж.К

Мектеп психологы Урманова К.Г

Сынып жетекшілер

13-28.02.2018

1-11 сынып оқушылары

5.

Ауыл инспекторымен интервью

Зыкрин М.М

23.02.2018

5-11 сынып оқушылары

6.

«Өмірге ИӘ деп айт» видеоролигін көрсету

Шерубай Б

19.02.2018

1-11 сынып оқушылары

7.

Көмек қажет ететін, әлеуметтік қорғалмаған балаларды анықтауға бағытталған жедел жәрдем көмегі

ТІМ Куандыкова Ж.К

Мектеп психологы Урманова К.Г

10-28.02.2018

1-11 сынып оқушылары

8.

«Мен өмірді сүйемін» флешмоб

Салыкова З.Б

28.02.2018

1-11 сынып оқушылары

9.

Ата-аналар жиналысы

ТІМ Куандыкова Ж.К

Мектеп психологы Урманова К.Г

28.02.2018

1-11 сынып оқушылары

      Жоспар бойынша бұл науқанға мектептің барлық сынып оқушылары қатысты. Жоспар бойынша ең алдымен қабырға стендеріндегі ақпарат жаңартылды. Информатика мұғалімі Шерубай Б, мектеп психологы Урманова К.Г және тәрбие ісінің меңгерушісі Куандыкова Ж.К бірлесіп, ата-аналарға арналған «Ата-аналарға жадынама», «Қоңырау шалыңыз! Сізге көмек көрсетеді», «Өмір тамаша» атты жадынамаларды құрастырып, оқушылар мен ата-аналарға таратылды. Технология пәнінің мұғалімі 1- 11 сынып оқушылары арасында  «Қауіпсіз интернет» атты фотоконкурсын өткізді. Ең үздік және мағыналы сурет салған оқушы мақтау қағазымен марапатталды.

      Жоспар бойынша  13-28 ақпан аралығында 1-11 сынып арасында «Референтті ойындар» тақырыбына бірнеше әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Әңгімелесу барысында референтті ойындар туралы ақпарата берілді. Оқушылар референтті ойындар жөнінде өз  ойларын білдірді. Интернет ойындарының  жақсы және осал жақтарын айта, отырып, оқушылар өміріне қауіп төндіретін сайттарға мүлдем кіруге болмайтынын жөнінде оқушылаға ескертілді.

    Зейнетақыға жуырда шыққан ауыл инспекторы сыздыков М қонаққа шақырылып, оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Сыздыков Муратбек аға оқушылар заң бойынша референтті ойындардың, әлеуметтік желілердің қаншалықты қауіпті екенін айтып берді. Сонымен қатар Сыздыков М егер сайттардан әртүрлі қауіпті, қорқыныш немесе бала өміріне қауіп төндіретін қхаттар келген жағдайда, қайда хабарласуға болатыны жөнінде мағлұмат берді. Оқушылар өз сұрақтарын қойды.

     Науқанды өткізу барысында информатика пәнінің мұғалімі «Өмірге ИӘ деп айт» тақырыбын ашатындай видеороликтерді оқушыларға ұсынды. Бұл видеороликтердің мазмұны, оқушыларды салауатты өмір сүруге шақырып, өмір сүру қандай тамаша екенін айқындайды. Бұл жерде суицид жөнінде де сөз қозғалды. Видеороликтерді көрсеткеннен кейін, оқушылар алған әсерлерін  қағаз бетіне түсіріп, өз ойларын білдірді.

      Жалпы мектепте үнемі көмек қажет ететін немесе әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатады.  Сынып жетекшілер өз оқушылары жөнінде үнемі мағлұматтарды жинап, сараптап, егер оқушылар қиын жағдайда болса, алдын ала мектеп әкімшілігін хабарласып отырады. Мектепте әлеуметтік жағдайы өте төмен жанұя тіркелген жоқ.

     Мектептің шығармашылық жетекшісі Казымбекова А.А  мектеп оқушыларымен  «Мен өмірді сүйемін» флешмобын ұйымдастырды.

   «Өмірге ИӘ деп айт» республикалық ақпараттық науқанының қорытындысы ретінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысы барысында  мектеп психологы сөз сөйлеп, ТІМ  балалардың құқығы туралы, референтті ойындар туралы, интернет сайт жөнінде  ақпарат берілді.

    Осындай науқандардың оқушылар үшін тигізер пайдасы зор. Өйткені оқушылар  мен ата-аналар өте көп мағлұмат алады.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:       Куандыкова  Ж.К

Просмотров: 599


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст