Еңбекшілдер орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы Тіл туралы Заңының орындалуы жөнінде мәтінді есеп
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттенін белгілейді.
Қазақстан Республикасы орта, арнаулы орта және жоғары білімді мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ал қажетіне қарай және мүмкіндігі болған жағдайда басқа да тілдерде алуды қамтамасыз етеді.
Мектептегі мәдени шаралар мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі. Тілді дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі талабы білім саасын арттыру болып табылады. Ал білім сапасын көтеру – оқушының білімін жоғары деңгейге көтеру осы мақсаттарды алға қоя отырып, жаңа технологиялардың қолданылуын, тәжірибе алмасу, тіл мамандарының күнделікті жұмыстары болып табылады. Мектептің жұмыс жоспарында тіл мәртебесін көтеру саласында көптеген іс-шаралар жоспарланған.
Мектеп құжаттарының жүргізілуі:
1.Мектепішілік жұмыс жоспары
2. Бұйрық кітабы.
3. Педагогикалық кеңес хаттамасы.
4. Әдістемелік кеңес хаттамасы.
5. Директор жанындағы кеңес хаттамасы.
Мемлекеттік тіл – аса маңызды да өзекті мәселе, тіл – халықтың жан дүниесі,рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс.
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тілш саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да, бұл мәселені айналып өткен емес.
«Тілді дамыту – Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі», сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», - деп тұжырымдайды. Дәстүр бойынша қыркүйекте тіл мерекесі ерекше аталып өтеді. Биылғы жылы Еңбекшілдер орта мектебінде қыркүйектің 5-нен 20-сы аралығында тілдер онкүндігі ұйымдастырылып өткізілді. Тілдер онкүндігінде тілге байланысты әртүрлі іс-шаралар атап айтсақ, мақал-мәтел сайысы, мәнерлеп оқу сайысы және де әдеби кештер өткізілді.
Оқушыларға өз ана тілінде сауатты жазу, әдемі сөйлеу, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін ояыту, әрі өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметтеуді бойларына ұялату мақсатында
Қыркүйектің 6-сы күні бастауыш сынып мұғалімдері түгелі бірыңғай «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыптарына сынып сағаттарын өткізді.
Қыркүйектің 9-ы Жунусов Ж.З. 5-9 сынып аралығында «Роль языков современном мире» тақырыбына дәріс сабақ өткізді.
Қыркүйектің 10-ы күні «Тіл – рухани қазына» тақырыбына 6-7 сыныптарға Ермагамбетова А.Т. дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
11-і күні кітапханашы Смагулова А.К 1-4 сыныптарға «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында көрме көрсетті.
12-сі күні «Кім білгір?» тақырыбына Бықсыбаева Б.Б 6-сыныпта сайыс өткізді.
13-і күні «Тіл тағдыры –ел тағдыры» тақырыбына 5-7 сынып аралығында Ауғали А.Ж сыныптан тыс сабақ өткізді.
16-сы күні ағылшын тілі мұғалімі Жумадилова А.М 5-9 сыныптар аралығында «Interesting English» тақырыбына сыныптан тыс сабақ өткізді.
17-сі күні Ермагамбетова А.Т., Ауғали А.Ж. «Тіл – асыл ойдың бұлағы» тақырыбына 5-11 сынып аралығында эссе байқауын өткізді.
18-і күні Жунусов Ж.З. 9-11 сыныптармен Абай Кунанбаев «Слова Назидандания» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
19-ы күні 5-11 сыныптар аралығында пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында тағылымды кеш өткізді.
Қыркүйектің 20-сы күні Тілдер онкүндігінің жабылуында мектеп оқушылары мен мұғалімдер салтанат залында сап түзеп, өткізілген іс-шараларға белсенді қатысқан, және де белсенді қатысып орындар иеленген оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады
Ақпарат дайындаған: Ермагамбетова А.Т.